WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды

/
WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды
дереккөзден

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің үздік студенттері мен жас мамандары марапатталды.

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының негізгі міндеттерінің бірі жұмысшы мамандықтардың беделін және жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыттағы тиімді құралдардың бірі ретінде бүгін Астана қаласында қорытындыланған республикалық WorldSkills Kazakhstan чемпионаты - жас мамандарды, педагогтерді, салалық сарапшыларды және бизнес қауымдастықты біріктірген маңызды алаңға айналды.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден астам колледж студенті қатысты. Биылғы чемпионат колледж студенттері арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, олардың кәсіби даярлығын жаңа сапалық деңгейге көтерді.

«WorldSkills Kazakhstan – еліміздегі кәсіби білім сапасының негізгі индикаторы және дағдылар мен құзыреттіліктердің басты шеберлік алаңы. Биыл чемпионат 45 құзыреттілік бойынша өтті. Біз колледж студенттерінің кәсіби даярлығының артқанының куәсі болдық. Жыл сайын қатысушылар мен құзыреттілік санының артуы біл кәсіби шеберлік додасына қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Биыл қатысушылар саны 1,5 есе өсті. Бұл чемпионатта біз жас мамандардың шынайы шеберлігін, еңбексүйгіштігін және кәсіби батылдығын көрдік. Бұл чемпионат жас мамандарға серпін мен сенім береді», – деді Шынар Ақпарова.

Чемпионат қорытындысы бойынша жалпы медальдар саны 53 алтын, 55 күміс, 59 қола медальды, сондай-ақ 213 «Ерекшелік» медальондарын құрады.
Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласы – 60 баллмен бірінші орынға шықты.
Павлодар және Ақмола облыстары – 56 баллмен екінші орынды бөлісті.
Ал Түркістан мен Қарағанды облыстары – 55 баллмен үшінші орынға тұрақтады.

2025 жылғы чемпионаттың басты жаңалығы – еңбек нарығындағы сұраныс пен технологиялық трендтерге сай 15 жаңа құзыреттіліктің енгізілуі болды.

X Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары Қазақстанның ұлттық құрамына қосылып, 2026 жылы Қытайда өтетін WorldSkills International чемпионатында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Чемпионат Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары