Қайрат Нұртас балдызының тойында бидің түбін түсірді (ВИДЕО)

/
Қайрат Нұртас балдызының тойында бидің түбін түсірді (ВИДЕО)

Әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде інісінің шаңырақ көтергені жайында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ата анамның кенжесі үйленді! Абдукаримовтар әулетіндегі бұл тойды көп күттік. Біздің үйдің кенжесі Айсұлтан бауырым үйленіп, үй болды.  Бақыттарың баянды, өмірлерің мәнді, әлемдерің әдемі болсын. Қолдап, қуанып, қастарыңнан табыларымыз анық.  Әр шаңырақта шаттық пен той бола берсін», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол тойдағы қызықтар мен Қайрат екеуінің билеп жүрген сәті түсірілген видеоны жүктеді. Кадрдан жұлдызды жұптың белсенді билеп жүргенін көруге болады.

Олардың бұл әрекеті желі қолданушыларының назарын аудартпай қоймады.

“Тойға емес, екеуінің бірге жүргеніне мәз болғандар бар ма?”, “Қайрат екеуінің бір-біріне деген сыйластығын көріп риза болып отырмын”, “Құдай мен құдағи – Қайраттың әке-шешесі қайда?”, “Қайрат өте мықты. Отбасына жақсы қарайды” деп жазды желі қолданушылары. 

Сондай-ақ Қайрат Нұртас тойда екі жастың құрметіне ән шырқады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары