Астанада кейбір оқушылар онлайн оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы елордалық білім басқармасы жариялады.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.
«Қазгидромет» мәліметінше, 10 желтоқсанға қараған түнде және таңертең Астанада -26...-28 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз – 18–20 градус аяз болады.
Бұған дейін синоптиктер елорда мен солтүстік өңірлерде қатты аяз болатыны жөнінде ескерту жасаған еді.