Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында ел білмейтін сырын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, 12 жыл бұрын танымал дәрігер Салтанат Байқошқарова «тұрмысқа шықсын» деген ниетпен ақ жол төсеп, алғаш рет тұсауын кескен.
«2013 жылдың сәуір-мамыр айларында Таразда үлкен бір той болды. Сонда Салтанат Байқошқарова апайым «Сен әлі тұрмысқа шыққан жоқсың ба?» деді. Мен «Жоқ шықпадым» дедім. Ол кісі маған «Онда сенің тұсауынды кесу керек. Жалпы тұсауың кесілген бе?» дейді. Менің негізі тұсауым кесілмеген. Біздің кезімізде тұсау кесу деген жоқ еді ғой. Тәй-тәй деп өзіміз жүргізіп жібере салатын едік. Қазіргілер ғой тұсауын кеспесең жүрмейді. Біз ағаш арбамен құлап жүріп, тұрып кеттік.
Сол тойда Салтанат Байқошқарова ырымдап кесуіміз керек деді. Баланың тұсауын кескенде ақ жолға ырымдайды екен. Кейін мамасы екеуі мені екі жағымнан жетектеп, келесі жылға дейін тұрмысқа шықпасаң маған кел деді.
Сенесіздер ме?! 2014 жылы тура бір жыл өткенде тұрмысқа шығып кеттім.
Осы ырымды көріп алғаннан кейін қасымда жүрген құрбыма да істедім.
Салтанат апайымның ақ жолы 12 метр еді. Сондықтан 1 жыл күттім деп ойлаймын. Құрбыма 3 метр ақ жол төсеп, ары кетсе 3 айдан кейін тұрмыс құрасын деп айта салғанмын. Кейін шынымен үш айдан кейін күйеуге тиіп кетті. Адам өзі сену керек екен», - дейді өнер иесі.