Түркістан өңіріне биыл 500 мыңнан астам турист барған

/
Түркістан өңіріне биыл 500 мыңнан астам турист барған

Түркістан облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Түркістан қаласының ерекше мәртебе алуы өңірдің туристік әлеуетін арттырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері өңірге 500 мыңнан астам турист барып, 6,6 млрд теңге табыс түсті.

«Туристерге жаңа бағыттар мен өнімдер ұсыну мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласында Есу арнасы каналы мен Қолөнершілер орталығының құрылысы аяқталды. 99 гектар аумақты қамтитын «Ипподром» құрылысы аяқталуда. Келесі жылдың басында пайдалануға беріледі. Аталған нысандар халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары