ҚР ТЖМ қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Елімізде ауа райының күрт өзгеруі, қатты аяз, қар, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтілуде. Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында -20-33 °C қатты аяз күтілуде. СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады. Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, Қызылорда, БҚО облыстарында көктайғақ күтілуде", - деп жазылған хабарландыруда.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жол жүруді шектеуді, жылы киінуді және болжамдарды қадағалауды ескертеді.