Астанада бір күнде 93 жол апаты болды

/
Астанада бір күнде 93 жол апаты болды
istockphoto.com

Астанада таңертеңнен бері ауа-райы күрт нашарлап, қалың қар жауып, жол қозғалысын қиындатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңнан бері 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қашықтықты ұлғайту, кенет маневр жасамау және жаяу жүргінші өткелдері мен бағдаршамдарына жақындағанда алдын ала жылдамдықты төмендету ескертіледі.

Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын бақылау және қысқы шиналарды қолдану қажеттігі еске салынады – олар болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Астана полициясы жол жағдайын бақылауды жалғастырып, ескертеді: жолдағы қауіпсіздік көп жағдайда әрқайсымызға байланысты. Сақ болыңыздар, ауа райына байланысты сапар бағытын алдын ала жоспарлаңыздар және жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары