БҚО-да 2 су қоймасын салу жоспарланып отыр – әкім

/
БҚО-да 2 су қоймасын салу жоспарланып отыр – әкім
istockphoto.com

Өңірдегі 50 гидротехникалық нысанның 25-іне жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазір 14 су қоймасын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Үлкен және Кіші өзендер бойында 38 млн текше метр болатын екі су қоймасын салу жоспарланып отыр», – деді спикер.

Оның айтуынша, су басу қаупінің алдын алу мақсатында 2,9 млрд теңгеге 19 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Каналдардың өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін үш жылда 281 шақырым каналдарға механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы 150 шақырым тазартылады. Сонымен қатар, биыл ұзындығы 192 шақырым болатын Жәнібек суару-суландыру жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары