Ақмола облысында машинист теміржол өткелінде апаттың алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 6 желтоқсанда сағат 18:02-де Ақмола облысының Шортанды станциясында болған.
ҚТЖ мәліметінше, 55 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызының машинисі автокөліктің күзетілетін және реттелетін теміржол өткелінде бағдаршамның тыйым салу сигналына және түсірілген шлагбаумға қарамастан кенеттен жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды.
"Локомотив бригадасының уақтылы әрекеттері арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алуға мүмкіндік туды. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты. Пойыз станциядан 10 минуттық кідіріспен жолға шықты.
Автоматты көшпелі дабыл штаттық режимде жұмыс істейді, өткел жарығы бар. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ақпарат әрі қарайқұқық қорғау органдарына жіберілді", - делінген хабарламада.