7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Шемонаиха–Өскемен бағытындағы жолдың 7-шақырымында болған. Toyota Corona Premio және Toyota Hilux автокөліктері соқтығысқан.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазір болған жайттың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.