Астана қаласы Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесіндегі жұмыс істемейтін үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жалын сондай-ақ ғимаратқа жапсарлас салынған жұмыс істемейтін кафе аумағына және ғимараттың сыртқы қаптамасына тараған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған жүк көлігі де зақымданған.
«Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түскен жоқ», – делінген хабарламада.
Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады.