Таеквондодан (WT)21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үштіктің құрамына енді.
Екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған ұлттық команда жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтап, тек Түркия мен Иранға есе жіберді.