Әлем чемпионаты: бүгін үш қазақстандық боксшы сынға түседі

/
Әлем чемпионаты: бүгін үш қазақстандық боксшы сынға түседі
ҰОК

7 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) әлем чемпионатында рингке үш қазақстандық боксшы шығады.

Бүгін Қазақстан құрамасының атынан Оразбек Асылқұлов, Ертуған Зейнуллинов пен Абылайхан Жүсіпов жұдырықтасады.

Күндізгі сессия (18:00)

57 келі. Оразбек Асылқұлов — Элизандру Саншеш да Силва (Кабо-Верде)

Кешкі сессия (22:00)

63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов — Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия)

70 келі. Абылайхан Жүсіпов — Арарат Арутюнян (Армения).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары