«Жалған бугимен»: Белгілі спортшы Жәнібек Әлімханұлын сынға алды

/
«Жалған бугимен»: Белгілі спортшы Жәнібек Әлімханұлын сынға алды
Фото: allboxing.ru

Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген британиялық боксшы Дензел Бентли қазақстандық спортшының допинг дауына қатысты жаңалыққа дөрекі пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Допинг дауы жайлы ақпарат тараған соң, Бентли X әлеуметтік желісінде жағдайды белсенді талқылай бастады. Ол қолданушылардың пікірлерін бөлісіп қана қоймай, өзі де өткір жазбалар жариялаған.

Бір жазбасында британиялық боксшы Әлімханұлын балаларды қорқытатын «бугименге» теңеп:

«Құрып кеткір, мынау жалған бугимен допинг сынағынан өте алмай қалыпты», – деп жазған.

Тағы бір жазбасында ол қазақстандық боксшыны «қаңғыбас» деп атап, келеке еткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары