2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады

/
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Маңғыстау облысы ҚКО

Кейінгі жылдары Каспий теңізінің су деңгейінің төмендегені белгілі. Осыған орай, «МАЭК» ЖШС-нің каналы арқылы жеткізілетін су мөлшері азайған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде кәсіпорын қызметі шектеліп, қала тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ете алмау қаупі туындады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбайдың Ақтау қаласы тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақов айтты.

- Осыған байланысты, қала әкімдігі 2023 жылы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Аталған мәселе бойынша Ақтау қаласының әкімдігі каналды тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін жоба жасақтаушы мекемені анықтап, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Аталған жұмыстар 2026жылы басталып, 2 кезеңде жүзеге аспақ, - деді Әбілқайыр Байпақов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары