50 мыңнан астам азамат 188 млрд теңгеге банкрот деп танылды – министрлік

/
50 мыңнан астам азамат 188 млрд теңгеге банкрот деп танылды – министрлік
istockphoto.com

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осындай деректерді келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру жалғасуда.

«2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттарына борышты реттеуді жүргізу туралы талапты алып тастау; борышкердің себептерін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы; банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы, оның ішінде кредиттік бюролар базасында көрсетілмеген барлық міндеттемелерін тоқтату қарастырылған бірқатар түзетулер қабылданды», - деді вице-министр. 

Сонымен қатар, Парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсіміндегі кредиторлардан шығару, сондай-ақ борыштары 1600 АЕК-ке дейінгі  борышкер азаматтар үшін банкроттық рәсімін өткізу мерзімдерін қысқарту бойынша түзетулер қаралуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары