Жамбыл облысында ер адам өгей үш баласын 6 жыл қинаған

/
Жамбыл облысында ер адам өгей үш баласын 6 жыл қинаған
istockphoto.com

Талас аудандық соты кәмелетке толмаған 3 баланы қинады деп айыпталған сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соттың мәліметінше, 2019 жылдан 2025 жылға дейін сотталушы Т. шаруа қожалығының аумағында кәмелетке толмаған өгей балаларына (2008 ж.т.) қатысты физикалық күшті жүйелі түрде қолданып, оларды азаптаған.

«2025 жылдың сәуірінен бастап ол үшінші кәмелетке толмаған – жұбайының ұлына (2015 ж.т.) да осылай қараған. Сотталушы балаларды қоғамнан оқшаулап, олардың оқуы мен дамуына кедергі келтірген, еңбекке мәжбүрлеп, тамақтануларын шектеген. Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған», - делінген ақпаратта.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілер өкілдерінің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Сот үкімімен Т. ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары