4 желтоқсанда Малика Камашева 12-шағынаудандағы үйінен таңғы 8 шамасында шығып, із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қыз мектепке бармаған, оның қайда екені әзірге белгісіз.
«Қызды табуға көмектесіңіздер, қазір оны туыстары, полицейлер, волонтерлер мен ұстаздар іздеп жатыр», – деді «Zello Poisk» волонтері Екатерина Голотина.
Егер іздеуге көмектесетін кез келген мәліметіңіз болса, 8-707-881-20-98 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.
Малика үстіне қара күртеше, қою қызыл мектеп формасын, аяғына қара бәтеңке киген.