2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап AirAsia холдингіне кіретін Thai AirAsia X лоукостері Бангкок – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстерді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бангкок – Алматы бағытындағы рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.
Рейстерді 363 жолаушыға арналған Airbus A330-300 әуе лайнерлері жүзеге асырады.