«2 билеттен артық сатылмайды»: «Қайрат» пен «Олимпиакос» ойынының билеттері сатылымға шықты

/
«2 билеттен артық сатылмайды»: «Қайрат» пен «Олимпиакос» ойынының билеттері сатылымға шықты
«Қайрат» ФК

9 желтоқсан күні елордадағы «Астана Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің матчы өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ойында алматылық «Қайрат» футбол клубы Грекияның «Олимпиакос» командасын қабылдайды. Билет бағасы – 15 000-50 000 теңге аралығында. Матч сағат 20:30-да өтеді.

«Билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында бар.

Бір ЖСН-ға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Шетел азаматтары төлқұжат деректерін көрсете алады», - делінген ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары