Ақтауда жоғалып кеткен ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр

/
Ақтауда жоғалып кеткен ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр
Lider.kz

Ақтау тұрғыны Александр Насибари 24 қараша күні үйінен шығып, із-түзсізжоғалып кеткен. Бұл ақпаратты Lider.kz волонтёрлері таратты, деп хабарлайды turkystan.kz.

1992 жылы туған Александр Насибари 24 қараша күні таңғы 10 шамасында 3А шағынауданындағы 27-үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, жоғалып кеткен. Жақындары полицияға арыз берген.

Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, дене бітімі орташа.

Жоғалған азамат туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан келесі телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады: +7 (700) 499-72-92 немесе 102.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары