Ақтауда 24 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Оқиға 1 желтоқсан күні таңертең облыс орталығының 7А шағынауданындағы жағалауда орналасқан дәмханалардың бірінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала деректер оның асылып көз жұмғанын көрсетеді. Оқиға орнында марқұмның хаты табылмады. Туыстары оның бұған дейін қандай да бір қиындықты меңзейтін белгілер байқатпағанын айтқан.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті ҚР ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігі бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, суицид жасауға итермелеу немесе көмектесу фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.