Пиязды неге күн сайын жеу керек?

/
Пиязды неге күн сайын жеу керек?
сурет: istockphoto.com

Пияз – асханамызда ең жиі қолданылатын әрі денсаулыққа аса пайдалы көкөністердің бірі. Ол тағамға дәм мен хош иіс беріп қана қоймай, көптеген маңызды дәрумендер мен қоректік заттарға бай, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пияздың денсаулыққа пайдасы

– Иммунитетті күшейтеді. Пияз құрамындағы С дәрумені мен фитонцидтер ағзаны суық тию мен инфекциялардан қорғайды.
– Антибактериалды және вирусқа қарсы әсері бар. Фитонцидтер зиянды микроорганизмдерді жояды.
– Қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі. Зерттеулерге сәйкес, пияздағы кейбір қосылыстар глюкозаны төмендетуге ықпал етеді.
– Жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы. «Жаман» холестеринді азайтып, қан қысымының тұрақтануына әсер етеді.
– Антиоксидант көзі. Пияздағы кверцетин жасушаларды қартаюдан және қабынудан қорғайды.
– Ас қорытуға көмектеседі. Ферменттердің бөлінуін арттырып, ішектің пайдалы микрофлорасын қолдайды.

Қалай дұрыс тұтынған дұрыс?

– Шикі пияз – ең пайдалы нұсқа. Салатқа, тіскебасарға немесе балмен бірге аурудың алдын алу үшін қолдануға болады.
– Піскен пияз да қажет: қуырылған, бұқтырылған немесе пеште пісірілген пияз асқазанға жеңіл келеді.
– Жасыл пияз – витаминдерге өте бай, көктемгі авитаминоз кезінде таптырмас тағам.
– Күніне бір кішкене бас пияз жеу жеткілікті.

Кімге абайлап жеу керек?

– Асқазан-ішек жолында мәселесі бар адамдарға (гастрит, жара) пияз тітіркендіруі мүмкін.
– Аллергиясы барлар сақ болуға тиіс.
– Маңызды кездесулер алдында иісіне байланысты тұтынуды азайтқан жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары