Актер Жан Байжанбаев мемлекеттік наградаға ие болды

/
Актер Жан Байжанбаев мемлекеттік наградаға ие болды
жеке парақшасынан

Танымал актер Жан Байжанбаев «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы продюсер Ерлан Бұхарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесін құттықтап, мәлім етті.

«Мәдениет пен өнер саласындағы елеулі еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін сүйікті әрі халық артисі Жан Байжанбаевқа мемлекеттік «Парасат» орденінің табысталуымен құттықтаймыз.

Жан, Сізбен мақтанамыз! Шығармашылықтағы жаңа жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз», – деп жазды Е. Бұхарбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары