Атырауда 11-сынып оқушысын дәретханада соққыға жыққан

/
Атырауда 11-сынып оқушысын дәретханада соққыға жыққан
istockphoto.com

Атыраудағы «Тағылым» жекеменшік мектебінде 11-сынып оқушысын құрбысы дәретханада соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мой город" басылымының жазуынша, қыз ашық жарақат алғанымен, туыстарына өзі қоңырау шалып, «тек тайып кеткенін» айтқан. Алайда туыстары мектептің сынып жетекшісі де, әкімшілігі де отбасымен байланысуға тырыспағанына наразы болды. Шындықты олар басқа оқушылардың ата-аналарынан білген. 

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлағандай, 11-сынып оқушысына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті анықталды, ол да кәмелетке толмаған болып шықты, сондықтан оны заңды өкілдерімен тергеуде.

– Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Сынып жетекшісі мен мектеп директорының құқық қорғау органдарына уақытылы хабарламауына қатысты материалдар Атырау облысының білім саласындағы сапаны бақылау департаментіне жолданады, – деп хабарлады полиция.

Қызды соққыға жығу күдіктісі ретінде ішкі істер органдарында есепке қойылды, ал оған қатысты жинақталған материалдар кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияда қаралады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары