ҰҚК қараша айы бойынша жемқорлыққа қатысты атқарылған жұмыстың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Биыл қарашада Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 100 құқық бұзушылық тіркелді:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 8;
- 190-бап (алаяқтық) – 15;
- 194-бап (қорқытып алу) – 1;
- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;
- 249-бап (рейдерлiк) – 2;
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 11;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 4;
- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
- 366-бап (пара алу) – 17;
- 367-бап (пара беру) – 33;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 2;
- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) – 1;
- 371-бап (салғырттық) – 1;
- 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) – 1;
- 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) – 1.
Сотқа келесі 24 қылмыстық іс жіберілді:
- 190-бап (алаяқтық) – 10;
- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) - 1;
- 366-бап - (пара алу) - 3;
- 367-бап (пара беру) – 8;
- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 2.
Өтелінген залал (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 409,6 млн теңгені құрады.
Жұмыс жалғасып жатыр.