Алматы – Бішкек тасжолында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

/
Алматы – Бішкек тасжолында көлік апатынан 7 адам қаза тапты
Скриншот

Алматы – Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады. Алматы облысы ПД мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары