Айсұлтан Сейітов қандай фильм түсіргелі жатқанын хабарлады

/
Айсұлтан Сейітов қандай фильм түсіргелі жатқанын хабарлады

Әлемге танымал жұлдыздарға бейнебаян түсіріп танылған қазақстандық режиссер екінші фильмін түсірмек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

"Екі жыл бойы мен «Жеті ата» атты жаңа фильм аясында жұмыс істеп келемін Бұл біз өмірде жоғалтқан, бірақ жүрегіміздің бір бөлігі болып қала беретін адамдар туралы оқиға. Түсірілім келесі жылы басталады. Бұл мен үшін маңызды жоба және мен сіздерді осы сапарға қосылуға шақырамын, себебі кез келген фильм - сенім сынағы болып саналады", - деп жазды Айсұлтан Сейітов.

Айта кетейік, фильмнің сценарийін Абылай Нұрманбетов жазған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары