«Аңдар шаһары 2» мультфильмі әлем бойынша рекорд орнатты

/
«Аңдар шаһары 2» мультфильмі әлем бойынша рекорд орнатты

Тоғыз жыл күткен "Аңдар шаһары" анимациялық фильмі көрермен үмітін толық ақтап, жаһандық прокаттың көшін бастады. Жаңа бөлім күлкілі әрі тапқыр аң-құстар туралы оқиғаны жалғастырып, әлемнің түкпір-түкпірінде кассаларда аншлагпен өтіп жатыр., деп хабарлайды turkystan.kz.

Фильмнің премьерасы 26 қарашада АҚШ-та, ал 27 қарашада Қазақстанда өтті. Премьералық демалыс күндері фильм әлем бойынша 556 миллион доллар жинаған. Оның ішінде 156 млн долларын АҚШ-тағы Алғыс айту күніне арналған бес күндік демалыста тапса, нағыз табыс шетелден келді — 400 млн доллар. Оның жартысынан астамы Қытайдан түскен.

"Мультфильм алғашқы күндері мынадай рекордтар орнатты: Анимациялық фильмдер арасында әлемдік ең жоғары дебют (барлық уақыттағы); 2025 жылғы ең ірі әлемдік премьера; Қытайда барлық уақытта ең табысты анимациялық шетелдік премьера; Walt Disney Animation Studios тарихындағы ең жоғары әлемдік ашылу; Disney анимациясы тарихындағы ең үздік дебют; Барлық уақытта анимациялық сиквелдердің ең жоғары әлемдік старт көрсеткіші; 2021 жылдан бері барлық фильмдердің ішіндегі ең табысты сиквел старттары", - деп жазды kz.kursiv.media басылымы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары