Ақтаулық оқушылар Иран олимпиадасында қос қола жүлде иеленді

/
Ақтаулық оқушылар Иран олимпиадасында қос қола жүлде иеленді
Маңғыстау облысы ҚКО

NIS Ақтау оқушылары Ержан Сарталиев мен Бекжан Ерғали геометриядан өткен XI халықаралық Иран олимпиадасында өз білімдерімен озып шығып, олимпиаданың қола медальдарын жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы додаға Маңғыстау облысынан 100-ге жуық, ал Қазақстан бойынша 1000-нан астам оқушы қатысты.

Оларды жарысқа дайындаған тәжірибелі жаттықтырушылар – Алмаз Кенжанов және Іңкәр Сабырова.

2014 жылы небәрі 10 елдің қатысуымен басталған Иран геометрия олимпиадасы бүгінде ауқымын кеңейтіп, бүгінде 73-тен астам мемлекетті біріктіретін беделді халықаралық сайысқа айналды.

Маңғыстау облысы бойынша олимпиаданың ресми өкілі – математика пәнінің мұғалім-эксперті Владимир Качнов, ол 2018 жылдан бері өңірде бұл маңызды интеллектуалдық шараның ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары