Көкшетаудағы балабақшадан шұғыл 49 адам эвакуациаланды (ВИДЕО)

/
Көкшетаудағы балабақшадан шұғыл 49 адам эвакуациаланды (ВИДЕО)
112

Бүгін 112 қызметіне Көкшетау қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде түтін шыққаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына барған Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жерасты бөлмесінде протондық су жылытқыштың қысқа тұйықталуы салдарынан түтін шыққанын анықтады. Өрт тіркелген жоқ.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 49 адамды, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады.

Ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары