Жамбыл облысында әйелін ұрып-соққан азаматқа сот үкімі шықты

/
Жамбыл облысында әйелін ұрып-соққан азаматқа сот үкімі шықты
istockphoto.com

Жамбыл аудандық соты «Бірнеше рет ұрып-соғу» бойынша айыпталған Т. есімді ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың қыркүйегінде ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде сотталушы Т. ас үйде тұрған темір қалақты жұбайына лақтырып, оның санын жарақаттаған. Келесі күні ол әйелін бірнеше рет теуіп, денсаулығына жеңіл зиян келтірмейтін ұрып-соғу әрекетін жасаған.

Айып жәбірленушінің сөзімен, сараптама қорытындысымен және іске тіркелген өзге де дәлелдермен расталды.

Т. кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші жұбайын кешіріп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпауды өтінді.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кінәсін мойындауын, жәбірленушінің кешірім беруін және отбасында кәмелетке толмаған балалардың барын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде Т. кінәлі деп танылып, 120 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары