Алматы тұрғыны аулада ойнап жүрген 5 жастағы баланы теуіп құлатқан

/
Алматы тұрғыны аулада ойнап жүрген 5 жастағы баланы теуіп құлатқан
Скриншот

Алматыда ер адам «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында 5 жастағы баланы теуіп құлатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

Аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Полицияның ұстанымы айқын: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары