Артық тамақ жеу, жалқаулық пен вейпке деген тәуелділікті 60 секундтық дыбыспен басуға болады

/
Артық тамақ жеу, жалқаулық пен вейпке деген тәуелділікті 60 секундтық дыбыспен басуға болады
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар артық тамақ жеу, жалқаулық пен вейпке тәуелділікті бар болғаны 60 секундтық дыбыспен басуға болатынын анықтады. Бұрын бұған тек миға чип орнату арқылы қол жеткізуге болатын еді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеушілердің айтуынша, ультрадыбыстың белгілі бір жиілігі мидағы ләззат алу орталығын белсендіреді. Осылайша адам дұрыс әрекеттерден де «рахат» алуды үйренеді. Тәжірибе алғаш рет адамдарға жасалып, оң нәтиже көрсеткен.

Ғалымдар терең мидық аймақтарды дәл модуляциялау, яғни нейробілім мен емдеу тәсілдерінде үлкен серпіліс әкелетінін атап өтті. Олар инвазиялық емес транскраниалды ультрадыбыстық стимуляция (TUS) әдісі арқылы шешім қабылдау және үйрену процестеріне әсер етуге болатынын көрсетті. Бұл тәсіл бұрын тек терең миға тікелей электрод енгізу арқылы мүмкін болатын.

Зерттеуге 26 ерікті қатысқан. Оларға түрлі нұсқада ми аймақтарына ультрадыбыстық импульстар жіберілген: ләззат орталығы саналатын nucleus accumbens (NAcC), алдыңғы белдеу қыртысы және бақылау топтары. Кейін қатысушыларға марапат арқылы үйрету тапсырмалары орындатылған.

Нәтижесінде NAcC аймағына ультрадыбыс берілгендер дұрыс таңдау жасауды тез үйреніп, сыйақы алғаннан кейін позитивті әрекетін қайталау ықтималдығы артқан. fMRI нәтижелері де дәл осы аймақтың белсенділігі күшейгенін көрсетті.

Мамандардың пайымынша, бұл тәсіл болашақта артық тамақ жеу, никотиндік тәуелділік, тіпті депрессия сияқты мінез-құлықтық және психикалық мәселелерді емдеуге жол ашуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары