Ақтөбе облысында 11 дәрігерлік пункт салынды

/
Ақтөбе облысында 11 дәрігерлік пункт салынды
24.kz

Ақтөбе облысында биыл қайтарылған активтерден түскен қаражатқа 11 дәрігерлік пункт салынды, деп хабарлайды turkystan.kz

24.kz телеарнасының мәліметінше, солардың бірі Нұра ауылында бой көтерді. Былтыр көктемде елдімекенді түгел су шайып, бірқатар нысан бүлінген еді.

Медбике Ғалиягүл Шәріп дәрігерлік пункттің ашылуын асыға күтіп жүр. Ол тұрғындарды қабылдау жыл бойы үй-үйді аралауға мәжбүр болған. Былтырғы су тасқынынан ескі Нұра елді мекені түгел қираған. Жаңа орынға көшкенде әуелі баспаналар, мектеп және балабақшаларға басымдық берілді. Ал фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы кейінге қалдырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары