Астанадағы изоляторға тортқа 7 телефонды жасырып өткізбек болған

/
Астанадағы изоляторға тортқа 7 телефонды жасырып өткізбек болған
Polisia.kz

28 қарашада Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №64 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізудің айлакерлік тәсілін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласының тұрғыны арнайы Астанаға келіп, тергеудегі азаматқа әсем безендірілген торт алып келген. Торттың ішіне ол мұқият жасырылған жеті телефонды өткізбек болған. Сырт көзге мүлдем қауіпсіз көрінген тәтті сыйлық қызметкерлердің қырағылығының арқасында дер кезінде тексеріліп, заңсыз әрекет тоқтатылды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, азаматқа тиісті шаралар қабылданды. Заңға қайшы әрекет жасаған азаматтың ісі сотқа жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары