"МузАрт" тобының әншісі өзі тұсауын кескен балаға бір бума ақша сыйлады

/
"МузАрт" тобының әншісі өзі тұсауын кескен балаға бір бума ақша сыйлады

Кенжебек Тұсынбайұлы досының баласының тұсауын кесті. Бала тұсаукесер рәсімінде жерде жатқан ақшаға қол созған. Мұны көрген әнші баланың қойнына қомақты қаржы қыстырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші рәсім алдында балаға елге пайдасы тиетін бай болуды тілеген. Қызық болғанда сәби бірнеше қадам жасап, кейін жердегі ақшаға қол созған. 

"Арман деген аға-досым өзінің баласының тұсауын кестіртті. Достығымызға 20 жылдан асты, әрқашан сөзімді жерге тастамаған, адал, сенімді досым!  Арман аға, Нұргүл жеңеше отбасыларыңызбен мың жасаңыздар. Тілеген тілегім Алланың құлағына шалынсын. Менің айтқанымнан кейін таңдауы неге түскенін көріңіздер", - деп жазды ол.

Баланың таңдауына риза болған әнші қолындағы қомақты қаржысын сәбидің қойнына қыстырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары