Павлодар облысының полицейлері жолаушы қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, апат 27 қараша күні Омбы – Майқапшағай автожолында, Аққулы ауылынан 10 шақырым жерде болған.
«УАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі МТЗ-80 тракторының тіркемесіне соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – делінген ведомство мәлімдемесінде.
Департамент өкілдері осындай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, көліктің техникалық жай-күйін бақылауды және ауа райы жағдайын ескеруді еске салды.