Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі таратты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналист Диля Ибрагимованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады. Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды. Отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты. Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», – деп жазылған көңіл айту жазбасында.