Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)

/
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
Скриншот

Алматыда №15 бағыттағы автобустың жүргізушісіне ер адам шабуыл жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға қозғалыс кезінде болып, жолаушылар автобус тоқтағанда қорыққаннан сыртқа шығып кеткен. Ал жүргізуші мен шабуылдаушының жанжалы әрі қарай жалғасқан.

Автопарк өкілдерінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам келесі аялдамадан түсіп кеткен, ал жүргізушінің оған ешқандай талап-арызы жоқ.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Наурызбай аудандық полиция бөлімі оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Барлық қатысушылар анықталып, олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары