Чемпиондар лигасында тұңғыш рет қазақ футболшысы гол соқты

/
Чемпиондар лигасында тұңғыш рет қазақ футболшысы гол соқты
Offside.kz

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті ойында даттың «Копенгагенімен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтті. Кездесуді Шотландиядан келген төрешілер құрамы, бас төреші Николас Уолш басқарды.

Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері шабуылға шығып, Темірлан Анарбеков қақпасы маңында қауіпті сәттер жасады. Ақыры алматылықтар қорғаныста бірқатар қателік жіберген тұста, 17 жастағы Виктор Дадасон (26-минут) бос тұрған қақпаны дәл көздеді. 

Екінші таймда командалар алма-кезек шабуылға шықты. Еркін Тапалов алыстан тепкенде доп қақпа маңдайшасына тиді. Кейін Дамир Қасабулаттың қолына доп тиіп, Джордан Ларссон пенальтиден гол соқты. Дат командасы қысымды күшейтіп, Роберт бұрышқа дәл соққы жасап, есепті ұлғайтты. Матч соңында Дастан Сәтпаев Доминик Котарскидің қателігін пайдаланып гол соқты, артынша Олжас Байбек те нәтижелі соққымен көзге түсті. Есеп — 3:2.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев  Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы қазақ футболшы.

Енді тоғызыншы желтоқсанда «Қайрат» Астанада Грекияның «Олимпиакосын» қабылдайды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары