Танымал музыкант Бағжан Октябрь "Дарын" сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сүйінші жаңалықты музыкантты өзі әлеуметтік желіде таратқан.
"Бұл марапатты мені дарынды етіп оқытқан, кішкентайымнан виолончелімді көтеріп келген Анашыма және балам оқысын деп еңбек еткен Әкеме арнаймын. Құттықтауларыңызға рақмет!", - деп жазды Б. Октябрь.
Өнерпазды желіде жұлдыздар бастаған ғаламтор қолданушылары жаппай құттықтап жатыр.