"Қайраттың" 19 жасқа дейінгі футболшылары сырт алаңда "Копенгаген" клубында ойнайтын құрдастарымен тең түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
UEFA Жастар лигасы аясында өткен бұл ойында "Қайрат" жастары "Копенгаген" командасымен тең тарқасты.
Қазақстандық клуб ойынның cоңғы минуттарына дейін есепте алда тұрды. "Қайрат" сапынан матчтың 7-минутында Мансур Биркурманов гол соқты. Ал 30 минутта Рамазан Бағдат командаластарын алға шығарды. Алайда алматылық клуб кездесудің соңғы минуттарында қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Есеп - 2:2.
Айта кетейік, "Қайраттың" негізгі командасы бүгін Астана уақытымен 22:30-да "Копенгаген" клубымен ойнайды.