Құлсарыда жағдайы ауыр нәресте тікұшақпен шұғыл Атырауға жеткізілді

/
Құлсарыда жағдайы ауыр нәресте тікұшақпен шұғыл Атырауға жеткізілді
112

«Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесі Құлсары қаласынан Атырау қаласына ауыр жағдайда жатқан нәрестені жедел түрде медициналық тасымалдауды жүзеге асырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, баланы шұғыл жеткізу қажет болды. Экипаждың жедел әрекеттері мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті.

 Атырауға қонғаннан кейін кішкентай пациент бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылып, одан әрі облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ Қазавиақұтқару күрделі және шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуді жалғастырып, азаматтардың өмірін сақтауға бағытталған маңызды миссиясын атқаруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары