Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
11 қарашада сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және рекет (күшпен қорқытып ақша талап ету) баптары бойынша кінәлі деп танып, айыптардың жиынтығы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырған еді.
26 қарашада оның адвокаты Нариман Кервенов қорғаушылар апелляциялық шағым жолдағанын мәлімдеді.
«Үкім 11 қарашада шықты. Біз оны ҚПК бойынша 16 қарашада аламыз деп күттік. Алайда ол күні құжат қолымызға берілмеді — біз оны тек кеше, 25 қарашада алдық. Сол себепті бірден алдын ала апелляциялық шағымды Талғар сотына жолдадық. Үкімді толық зерделегеннен кейін шағымды толықтырамыз», – деді қорғаушы.
Еске салайық, 11 қарашада сот Хасан Қасымбаевты жоғарыда аталған баптар бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырған. Ол жазасын орта қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.