Абай облысында полицей қызметкерін қорлаған азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ішімдік ішіп, масайған 57 жастағы облыс тұрғыны қызметтік міндетін атқарып жүрген құқық қорғау органы қызметкерін балағаттаған. Оқиға полиция бөлімінде болған.
Үржар ауданы №2 аудандық сотының шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
2025 жылдың басынан бері өңірде билік өкілдерін қорлау бойынша 19 дерек тіркелген.