Сара Тоқтамысова танымал әншіге жыр арнады (ВИДЕО)

/
Сара Тоқтамысова танымал әншіге жыр арнады (ВИДЕО)

Айтыс арқылы қалың елге танылған Сара Тоқтамысова әнші Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның қуанышында түсірілген видеоны бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Онда айтыскер ақын әрі блогер қуаныш иелеріне арнаған өлеңін көптің алдында оқып берген.

"Өткенде осы видеоны сұраған едіңіздер. Сториске мен де толық сала алмадым, қолымда видео болмаған еді.  Толық салшы деп өзіміздің туыстар, ата-анам барлығы сұрады. Сыртымнан түсіріп алған бір жақсы адам жіберді. Көп рахмет ол кісіге! Осы жерде тұрсын. Тоқтар аға мен Бейбіт жеңгені біз өте құрметтейміз. Жеңгемізге Сүйкімдінің тұсауын кестірдік. Тоқтар ағамыз артық әңгімесі жоқ, кісімсініп тұратын мінезден ада асыл азамат қой. Аман болсын", - делінген бейнежазбаның сипаттамасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары