Ашхабад билігі Азади мешітінің қақпасы мен қоршауын бұзды

Ашхабад билігі Азади мешітінің қақпасы мен қоршауын бұзды

Ашхабад билігі Азади мешітінің қақпасы мен қоршауын бұзды
ашық дереккөзі
329
Түркіменстан астанасында 1990 жылдары тұрғызылған мешіттің қақпасы мен қоршауын жылжытып жатыр.
70 жастағы Оразмұрадтың Азаттық радиосына айтуынша, мешіттің қақпасы мен қоршауын жылжыту арқылы билік астана көшелерін кеңейткісі келеді. "Әйтеуір, мешітті бұзған жоқ. Оның қақпасы мен қоршауын бұзып, бір метрге аулаға қарай жылжытты. Бізде реніш жоқ. Олар мешітті бұзып тастаса да, біз ештеңе істей алмас едік", - деді ақсақал. Түркіменстан астанасында соңғы 15 жылда кем дегенде жеті мешіт бұзылды. Олардың көбісі халық ақшасына салынған. Оразмұрадтың айтуынша, халық Азади мешіті ауласының тарылтып жатқанына риза емес, өйткені осы маңдағы көше онсыз да кең болатын. "Бұзуға құмар болды. Оның үстіне бұның барлығы мемлекеттің емес, мешіт қаражатының есебінен жасалып жатыр", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары