Қазақстандық жүзгіш Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші нәтижені көрсетті.
Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.