Талдықорғанда әйел жүргізуші электр бағанына соғылды (ВИДЕО)

/
Талдықорғанда әйел жүргізуші электр бағанына соғылды (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

55 жастағы әйел мас күйінде Lixiang автокөлігін жүргізіп, Талдықорғандағы «ТемірҚазық» колледжінің маңында электр бағанына соқты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, соққының күші қатты болған. Салдарынан көлік айтарлықтай зақымданды. Абырой болғанда, ешкім жарақат алған жоқ.

«Полиция экипажы оқиға орнына дереу жетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті және жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын тіркеді», — деп хабарлады ведомство.

Ол жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары